Әрбір үшінші жұмыс істейтін қазақстандық ең төменгі зейнетақымен қалуы мүмкін

Жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың 30 пайыздан астамы зейнетақы жүйесіне қатыспайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов мәлімдеді, деп хабарлайды тілші Tengrinews.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 9,2 миллион жұмыспен қамтылған халық бар.

“2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 30 пайызы зейнетақы жүйесіне қатыспайды. Жекелеген секторларда еңбек нормативтерінің болмауы да Жұмыспен қамтудың көлеңкелі нысанын сақтауға ықпал етеді”, – деді Асқар Биахметов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Қазақстанда 7,1 миллион жалдамалы жұмысшы және 2,1 миллион өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бар. Бұл ретте, еңбек министрлігінің ресми деректеріне сәйкес Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрайды. 5 жыл ішінде шенеуніктер 3,3 миллион адамды жұмыспен қамтуы керек.

Дереккөз: Tengrinews.kz.

Барлық жаңалықтар