2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы қалай өзгереді
2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы өседі. Бұл 2026-2028 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетте қарастырылған, оған Президент Қасым–Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды тілші Tengrinews.kz.
Толығырақ
2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы 69 049 теңгеге дейін өседі. Қазір оның мөлшері–62 771 теңге, яғни өсім 6 278 теңгені құрайды.
Базалық зейнетақы төлемі де ұлғаяды. 2025 жылы ол 32 360 теңгені құрайды, ал 2026 жылы 35 596 теңгеге дейін көтеріледі. Өсім – 3 236 теңге.
Зейнетақы неден құралады
Қазір Қазақстанда зейнеткерлік жас ерлер үшін 63 жасты және әйелдер үшін 61 жасты құрайды (бұл 2028 жылға дейін болады). Қазақстандағы зейнетақы үш бөліктен тұрады:
- Ынтымақты зейнетақы–бұл 1998 жылға дейін жұмыс істеген және ескі жүйеге аударымдар жасағандарға мемлекеттен төленетін төлемдер.
- Базалық зейнетақы–бұл барлық зейнеткерлер алатын мемлекеттен төленетін тұрақты төлем. Оның мөлшері еңбек және сақтандыру өтіліне байланысты.
- Жинақтаушы зейнетақы–бұл адамның өзі БЖЗҚ-ға жинайтын ақша: жалақының 10 пайызы ай сайын аударылады және оның жеке зейнетақы шотын қалыптастырады.
2026 жылы индекстеуден кейін ең төменгі зейнетақы 104 645 теңге, ал ең жоғары зейнетақы 238 412 теңге болады.
Орташа көрсеткіштер туралы
Бюджет жобасында орташа көрсеткіштер де келтірілген. Құжатқа сәйкес:
- орташа зейнетақы: 2026 жылы – 103 687 теңге, 2027 жылы – 108 940 теңге, 2028 жылы–113 995 теңге;
- орташа базалық зейнетақы: 2026 жылы – 54 082 теңге, 2027 жылы – 58 276 теңге, 2028 жылы – 61 527 теңге.
Бұл сомалардың барлығы жыл сайын біртіндеп өседі.
Дереккөз: tengrinews.kz